Ағымдағы жылғы 12 қыркүйекте Қарағанды облысының дін істері басқармасында дөңгелек үстел өтті, онда діни және этномәдени бірлестіктердің басшыларының қатысуымен ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – бұл Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауының негізгі аспектілері талқыланды.

Ағымдағы жылғы 12 қыркүйекте Қарағанды облысының дін істері басқармасында дөңгелек үстел өтті, онда діни және этномәдени бірлестіктердің басшыларының қатысуымен ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – бұл Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауының негізгі аспектілері талқыланды.

Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов дөңгелек үстелді аша отырып,  Мемлекет басшысының Жолдауында өмірдің барлық салаларының қамтылғанын атап өтті. Қасымжомарат Кемелұлының: «Бейбітшілік пен тұрақтылық – бұл күнделікті еңбекпен нығайып, қорғалуы қажет жалпы халықтың ортақ игілігі», – деген сөзі облыста тұратын  әртүрлі конфессиялар мен этнос өкілдері үшін ерекше маңызды болып табылады. Әрі қарай оқу

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ – Серікбай қажы Ораз

Құрметті достар!
Сіздерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы бойынша жазған мақаласымен танысуды ұсынамыз!

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ – Серікбай қажы Ораз
Халықтың әлеуметтік мәселесіне назар аудару мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Әділін айтқанда, елімізде әр азаматтың тұрмыс-тіршілігі мен игілігі үшін тиісті бағдарламалар қабылданып, жұмыс жүйелі жүзеге асуда. Әрі қарай оқу

Ағымдағы жылғы 2 қыркүйекте «Әнет баба» атындағы орталық мешітте Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Н.Р.Бикеновтың және облыстың өкіл имамы Ө.Қ.Бекқожаның төрағалығымен имамдардың жиналысы өтті.

Кездесу барысында діни білімді арттыру арқылы дәстүрлі жамағаттың позициясын күшейту, облыстық мешіттің атынан жүргізілетін қоғамдық іс-шараларға ДДА мүшелерін тарту әдісімен оңалту жұмыстарын жүргізу, өңірлерге білікті теологтарды жұмылдыру жөніндегі сұрақтар талқыланды.

Ержан Нүкежанов: Қазақ топырағында меценаттар аз болмаған

Жақында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев діни салт-жоралғылардың мәнін тереңірек түсінгісі келетіндердің көп екендігін, ел арасында сауап пен қайырымдылық туралы түсініктің әралуандығы туралы пікір білдірген болатын. Осы орайда, қадірлі істің бірі – қайырымдылық туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Болатқанұлы Нүкежанов «Kazislam» порталына сұхбат берді.

– Ержан Болатқанұлы, жалпы қайырымдылық мәселесіне кіріспестен бұрын Дін істері комитетінің төрағасы ретінде елдің діни ахуалына қандай баға берер едіңіз?

– Рамазан айында азаматтарымыз тек ізгілік пен қайырымды істерді еселей жасайтынын білеміз. Барша қазақстандықтарды құттықтаған еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті айдың шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл екендігін айтқан болатын. Сонымен қатар Мемлекет басшысы исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етіп отырғанын, Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейтінін жеткізген еді. Әрі қарай оқу