26-27 қыркүйекте Қарағанды қаласының №57 жалпы орта білім беру мектебінде мемлекеттік – конфессияаралық саясат, конфессияаралық келісімді және діни экстремизмнің алдын алуды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі оқыту семинары жалпы орта білім беру мектептерінің «дінтану негіздері» пәні мұғалімдері арасында өткізілді.

Құрметті достар! 26-27 қыркүйекте Қарағанды қаласының №57 жалпы орта білім беру мектебінде мемлекеттік – конфессияаралық саясат, конфессияаралық келісімді және діни экстремизмнің алдын алуды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі оқыту семинары жалпы орта білім беру мектептерінің «дінтану негіздері» пәні мұғалімдері арасында өткізілді.
Семинарға шақырылған психолог, ҚР Қоғамдық даму министрлігі жанындағы РАТТ мүшесі Г.Раздыкова деструктивті діни ұйымдар қызметінің сипаты мен қаупін, салафиттік топтар мен ағымдардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын, ДДА қатарына азғырып-арбау мен ақпараттық ықпал ету әдістерін, сондай-ақ жастардың қандай санаты психологиялық тұрғыдан радикалды діни топтардың іс-әрекетіне көбірек ұшырайтындығы туралы ашып айтып берді. Жиналғандармен мұғалімдердің оқушылармен жұмысы кезіндегі коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі психотренингтер өткізді.
Семинардың екінші күні «Нұрлы білім» ҚБ теологы Момынжанов С.Е. жиналғандарға дәстүрлі исламның ханафиттік мәзхабы мен ДДА ұстанатындардың псевдосалафиттік идеологиясы арасындағы айырмашылықтарды түсіндірді.
Сонымен қатар, семинарға қатысқандарды мектептерде діни атрибутиканы кию, деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамды қандай белгілерімен тануға болады деген және т.б. мәселелер қызықтырды.
Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.

Талқылау жабық