Қарағанды облысының журналистері арасындағы дін және діни экстремизмнің алдын алу саласындағы мәселелердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы (одан әрі – БАҚ) үздік жарияланымы байқауының ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды облысының журналистері арасындағы дін және діни экстремизмнің алдын алу саласындағы мәселелердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы (одан әрі – БАҚ) үздік жарияланымы байқауының ЕРЕЖЕСІ

Облыстың дін істері басқармасы дін саласындағы мемлекеттік саясатты және өңірде дін саласындағы тұрақтылықтың сақталуын, конфессияаралық келісімді нығайтуды жүзеге асырды кеңінен қамту үшін БАҚ, журналистер қауымдастығын тартуға; тұрғындарды мемлекеттік – конфессиялық қатынастардың қағидаттары туралы ақпараттандыруға, қазақстандық қоғамның рухани салт-дәстүрлерін насихаттауға бағытталған дін және діни экстремизмнің алдын алу саласындағы мәселелердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы (одан әрі – БАҚ) үздік жарияланымы байқауын жариялайды.

БАҚ-да жарияланатын және жарыққа шығатын материалдарға қойылатын талаптар:

а) мақалалар мен хабарлардың мазмұны мемлекеттің конфессиялық саясатының жалпы қағидаттарына, Қазақстанда қалыптасқан конфессиялар арасындағы толеранттылық қатынастарына сәйкес келуі тиіс;

б) Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының нормаларына қайшы келмеуі, оның ішінде мазмұнында белгілі бір дінді немесе олардың айрықшылығын насихаттау және дінаралық келіспеушілікті тудыратын, діни нанымдарының уәждемелері бойынша азаматтардың құқықтарын кемсіту элементтері болмауы тиіс;

в) материалдардың ақпараттық қанықтылығы, тақырыпты қамту тереңдігі;

г) дінге сенушілердің сезімдеріне, облыс аумағындағы қолданыстағы діни бірлестіктердің қызметіне қатысты этикалық нормалардың сақталуы.

Байқау жеңімпаздарын анықтау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

Байқау комиссиясы материалдарды қарау үшін іріктейді және жеңімпаздарды анықтайды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, журналистер пулының, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері және Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының беделді өкілдері кіреді.

Байқау жеңімпазы келесі номинация бойынша анықталады:

– «Үздік теле-радио және интернет материалы, облыстың мерзімді баспа басылымындағы үздік жарияланым».

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Материалдарды байқауға қабылдаудың соңғы күні: 25 қараша 2019 жыл (алу күні).

Байқау материалдары мына мекенжай бойынша ұсынылады:

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 34, «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ, (diana392@mail.ru) діни ахуалды талдау, ақпараттық-түсіндіру және әдістемелік жұмыс бөлімі.

ДІБ телефоны: 8(7212)565693,

Ибраева Диана – +7 708 757 81 57

Талқылау жабық