Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың 4-5 қазан аралығындағы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қарағанды қаласының, Бұқар жырау ауданының тұрғындарымен және жұртшылығымен кездесулер өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың 4-5 қазан аралығындағы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қарағанды қаласының, Бұқар жырау ауданының тұрғындарымен және жұртшылығымен кездесулер өтті.

Сонымен, 4 қазанда ол Ботақара мен Ғабиден Мұстафин атындағы кенттері, Көкпекті ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауының негізгі аспектілерін түсіндірді.

Кент тұрғындары кездесу барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың назарын талап ететін бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерді. Бұған көбінесе ауыр көліктер қирататын жолдардың күрделі жөндеуі, Ғ.Мұстафин кентінде мектеп немесе орта мектепке қосалқы жай салу, сонымен қатар Нұра өзені арқылы осы кентті Теміртау қаласымен жалғастыратын көпір салу мсәселелері қозғалды.

Ботакара кентінің тұрғындарын кентті орталық жылу жүйесімен қамтамасыз ету, «Ауылға дипломмен» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге келген жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге республикалық бюджетте қаражаттың жетіспеуі мәселелері толғандырады.

Сол күні вице-премьер Б.Сапарбаев Қарағанды ​​қаласының жастарымен және жұртшылығымен кездесті. Белсенді жастармен кездесуде ол Жастар жылына арналған «Жол картасы» іс-шарларын жүзеге асыру туралы» баяндама жасады.

Ағымдағы жылғы 5 қазанда ол Қарағанды ​​қаласындағы Святотроицск православ шіркеуінің, Дева Мария Фатимская католик храмының  құрылысымен танысты, оралмандарды бейімдеу орталығына, «Рухани жаңғырудың» жобалық кеңсесіне және «Жастар коворкинг орталығына» барды.

Теміртау қаласының мешітінде ол имамдармен және теологтармен кездесіп, онда діни ахуалдға мониторинг жүргізу, алдын алу және мақсатты жұмыстар өткізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, «Жусан» гуманитарлық операциясының төрт кезеңі аясында жауынгерлік қақтығыстар  аймағынан келген әйелдермен кездесу өткізді.

Өздерінің Отанына оралуына мүмкіндік берген «Жусан» операциясын ұйымдастырғаны үшін Тұңғыш  Президент Н.Назарбаевқа әйелдердің зор алғыс білдіргендерін айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта олар мүдделі мемлекеттік органдардың көмегімен қайта әлеуметтенуден өтуде.

Талқылау жабық