Құрметті сайт пайдаланушылары!


"Қарағанды облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің веб-сайтына қош келдіңіздер!
Бұл ресми сайт біздің басқармамыздың айнасы. Біздің Басқарманың негізгі міндеті – аймақта мемлекеттік-конфессиялық саясат саласындағы міндеттерді жүзеге асыру, конфессияаралық келісімді нығайту және тұрақтылық.
Біздің бұл сайтымыз арқылы сіздер Қарағанды облысының дін істері басқармасы жүргізіп отырған жұмыс жөнінде ақпараттар мен түсініктер ала аласыздар. Біз сіздермен ашық сұхбат түріндегі қарым-қатынасқа үлкен мән береміз. Қазақ халқында «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген ұлы сөз бар. Сондықтан, сіздердің пікірлеріңіз біз үшін аса қымбат.
Сіздер де біздің сайтымыз арқылы өздеріңізді қызықтырған мәселелерге жауап аларсыздар деп үміттенеміз.
Қазір әлемде діни тұрғыда әртүрлі жағдайлар болып жатқаны өздеріңізге белгілі. Біздің басты мақсатымыз – діни экстремизм және терроризмді, соның идеяларының ел ішінде таралуын болдырмау және алдын алу болып табылады. Осы игілікті іске сіз бен біз болып ат салыссақ, жақсы нәтижеге қол жеткізерміз деп ойлаймын.

Құрметпен,
басқарма басшысы Бикенов Нурлан Рахметуллинович

c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-0
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-1
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-2
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-3
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-4
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-5
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-6
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-7
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-8
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-9
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-10
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-11
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-12
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-13
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-14
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-15
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-16
c5b9fa3011eebcaec68fc7a6e74897fd-17