Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың 4-5 қазан аралығындағы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қарағанды қаласының, Бұқар жырау ауданының тұрғындарымен және жұртшылығымен кездесулер өтті.

Сонымен, 4 қазанда ол Ботақара мен Ғабиден Мұстафин атындағы кенттері, Көкпекті ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауының негізгі аспектілерін түсіндірді.

Кент тұрғындары кездесу барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың назарын талап ететін бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерді. Бұған көбінесе ауыр көліктер қирататын жолдардың күрделі жөндеуі, Ғ.Мұстафин кентінде мектеп немесе орта мектепке қосалқы жай салу, сонымен қатар Нұра өзені арқылы осы кентті Теміртау қаласымен жалғастыратын көпір салу мсәселелері қозғалды.

Ботакара кентінің тұрғындарын кентті орталық жылу жүйесімен қамтамасыз ету, «Ауылға дипломмен» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге келген жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге республикалық бюджетте қаражаттың жетіспеуі мәселелері толғандырады.

Сол күні вице-премьер Б.Сапарбаев Қарағанды ​​қаласының жастарымен және жұртшылығымен кездесті. Белсенді жастармен кездесуде ол Жастар жылына арналған «Жол картасы» іс-шарларын жүзеге асыру туралы» баяндама жасады.

Ағымдағы жылғы 5 қазанда ол Қарағанды ​​қаласындағы Святотроицск православ шіркеуінің, Дева Мария Фатимская католик храмының  құрылысымен танысты, оралмандарды бейімдеу орталығына, «Рухани жаңғырудың» жобалық кеңсесіне және «Жастар коворкинг орталығына» барды.

Теміртау қаласының мешітінде ол имамдармен және теологтармен кездесіп, онда діни ахуалдға мониторинг жүргізу, алдын алу және мақсатты жұмыстар өткізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, «Жусан» гуманитарлық операциясының төрт кезеңі аясында жауынгерлік қақтығыстар  аймағынан келген әйелдермен кездесу өткізді.

Өздерінің Отанына оралуына мүмкіндік берген «Жусан» операциясын ұйымдастырғаны үшін Тұңғыш  Президент Н.Назарбаевқа әйелдердің зор алғыс білдіргендерін айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта олар мүдделі мемлекеттік органдардың көмегімен қайта әлеуметтенуден өтуде.

26-27 қыркүйекте Қарағанды қаласының №57 жалпы орта білім беру мектебінде мемлекеттік – конфессияаралық саясат, конфессияаралық келісімді және діни экстремизмнің алдын алуды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі оқыту семинары жалпы орта білім беру мектептерінің «дінтану негіздері» пәні мұғалімдері арасында өткізілді.

Құрметті достар! 26-27 қыркүйекте Қарағанды қаласының №57 жалпы орта білім беру мектебінде мемлекеттік – конфессияаралық саясат, конфессияаралық келісімді және діни экстремизмнің алдын алуды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі оқыту семинары жалпы орта білім беру мектептерінің «дінтану негіздері» пәні мұғалімдері арасында өткізілді.
Семинарға шақырылған психолог, ҚР Қоғамдық даму министрлігі жанындағы РАТТ мүшесі Г.Раздыкова деструктивті діни ұйымдар қызметінің сипаты мен қаупін, салафиттік топтар мен ағымдардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын, ДДА қатарына азғырып-арбау мен ақпараттық ықпал ету әдістерін, сондай-ақ жастардың қандай санаты психологиялық тұрғыдан радикалды діни топтардың іс-әрекетіне көбірек ұшырайтындығы туралы ашып айтып берді. Жиналғандармен мұғалімдердің оқушылармен жұмысы кезіндегі коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі психотренингтер өткізді.
Семинардың екінші күні «Нұрлы білім» ҚБ теологы Момынжанов С.Е. жиналғандарға дәстүрлі исламның ханафиттік мәзхабы мен ДДА ұстанатындардың псевдосалафиттік идеологиясы арасындағы айырмашылықтарды түсіндірді. Әрі қарай оқу

Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов қала – аудандардың ішкі саясат, дін мәселесі жөніндегі орталықтары мен секторларының басшыларымен және мамандарымен мәжіліс өткізді, онда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тиімділігін арттыру, БАҚ мен интернет кеңістікте ДДА ұстанатындармен алдын алу жұмыстарын және қарсы насихаттау іс-шараларын өткізу мәселелері талқыланды.

Қымбатты достар! Бүгін дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов қала – аудандардың ішкі саясат, дін мәселесі жөніндегі орталықтары мен секторларының басшыларымен және мамандарымен мәжіліс өткізді, онда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тиімділігін арттыру, БАҚ мен  интернет кеңістікте ДДА ұстанатындармен алдын алу жұмыстарын және қарсы насихаттау іс-шараларын өткізу мәселелері талқыланды.

Мәжілістен кейін интернет желісінде блогерлік жұмысты ұйымдастыру мәселесі бойынша семинар өткізілді, онда конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту мәселелері жөніндегі Н.Назарбаев орталығының бас сарапшысы Дианна Есенова лектор ретінде баяндама жасап, әлеуметтік желілерде қарсы насихаттау жұмысының тиімділігін арттыру мәселелерін ашып айтты. Әрі қарай оқу

Ағымдағы жылғы 12 қыркүйекте Қарағанды облысының дін істері басқармасында дөңгелек үстел өтті, онда діни және этномәдени бірлестіктердің басшыларының қатысуымен ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – бұл Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауының негізгі аспектілері талқыланды.

Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов дөңгелек үстелді аша отырып,  Мемлекет басшысының Жолдауында өмірдің барлық салаларының қамтылғанын атап өтті. Қасымжомарат Кемелұлының: «Бейбітшілік пен тұрақтылық – бұл күнделікті еңбекпен нығайып, қорғалуы қажет жалпы халықтың ортақ игілігі», – деген сөзі облыста тұратын  әртүрлі конфессиялар мен этнос өкілдері үшін ерекше маңызды болып табылады. Әрі қарай оқу

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ – Серікбай қажы Ораз

Құрметті достар!
Сіздерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы бойынша жазған мақаласымен танысуды ұсынамыз!

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ – Серікбай қажы Ораз
Халықтың әлеуметтік мәселесіне назар аудару мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Әділін айтқанда, елімізде әр азаматтың тұрмыс-тіршілігі мен игілігі үшін тиісті бағдарламалар қабылданып, жұмыс жүйелі жүзеге асуда. Әрі қарай оқу