Қарағанды облысының журналистері арасындағы дін және діни экстремизмнің алдын алу саласындағы мәселелердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы (одан әрі – БАҚ) үздік жарияланымы байқауының ЕРЕЖЕСІ

Облыстың дін істері басқармасы дін саласындағы мемлекеттік саясатты және өңірде дін саласындағы тұрақтылықтың сақталуын, конфессияаралық келісімді нығайтуды жүзеге асырды кеңінен қамту үшін БАҚ, журналистер қауымдастығын тартуға; тұрғындарды мемлекеттік – конфессиялық қатынастардың қағидаттары туралы ақпараттандыруға, қазақстандық қоғамның рухани салт-дәстүрлерін насихаттауға бағытталған дін және діни экстремизмнің алдын алу саласындағы мәселелердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы (одан әрі – БАҚ) үздік жарияланымы байқауын жариялайды.

БАҚ-да жарияланатын және жарыққа шығатын материалдарға қойылатын талаптар:

а) мақалалар мен хабарлардың мазмұны мемлекеттің конфессиялық саясатының жалпы қағидаттарына, Қазақстанда қалыптасқан конфессиялар арасындағы толеранттылық қатынастарына сәйкес келуі тиіс;

б) Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының нормаларына қайшы келмеуі, оның ішінде мазмұнында белгілі бір дінді немесе олардың айрықшылығын насихаттау және дінаралық келіспеушілікті тудыратын, діни нанымдарының уәждемелері бойынша азаматтардың құқықтарын кемсіту элементтері болмауы тиіс;

в) материалдардың ақпараттық қанықтылығы, тақырыпты қамту тереңдігі; Әрі қарай оқу

Қарағанды облысының журналистері арасындағы дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы (одан әрі – БАҚ) үздік жарияланымы байқауын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Байқаудың мақсаты журналистер қауымдастығын, БАҚ-ды дін саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен жариялауға және өңірдегі дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, конфессияаралық келісімді нығайту, дін тақырыбын объективті жариялау арқылы діни экстремизмнің, терроризмнің және деструктивті діни ғұрыптардың таралуының алдын алу шараларын жүзеге асыруға тарту; тұрғындарды мемлекеттік-конфессиялық қатынастарының қағидаттары туралы ақпараттандыру; қазақстандық қоғамның рухани дәстүрлерін насихаттау болып табылады.

БАҚ-да жарияланатын және жарыққа шығатын материалдарға қойылатын талаптар:
а) мақалалар мен хабарлардың мазмұны мемлекеттің конфессиялық саясатының жалпы қағидаттарына, Қазақстанда қалыптасқан конфессиялар арасындағы толеранттылық қатынастарына сәйкес келуі тиіс;
б) Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының нормаларына қайшы келмеуі, оның ішінде мазмұнында белгілі бір дінді немесе олардың айрықшылығын насихаттау және дінаралық келіспеушілікті тудыратын, діни нанымдарының уәждемелері бойынша азаматтардың құқықтарын кемсіту элементтері болмауы тиіс;
c) материалдардың ақпараттық қанықтылығы, тақырыпты қамту тереңдігі;
г) дінге сенушілердің сезімдеріне, облыс аумағындағы қолданыстағы діни бірлестіктердің қызметіне қатысты этикалық нормалардың сақталуы.

Байқау жеңімпаздарын анықтау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

Байқау комиссиясы материалдарды қарау үшін іріктейді және жеңімпаздарды анықтайды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, журналистер пулының, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері және Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының беделді өкілдері кіреді.

Байқау жеңімпазы келесі номинация бойынша анықталады:
– «Үздік теле-радио және интернет материалы, облыстың мерзімді баспа басылымындағы үздік жарияланым».

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Материалдарды байқауға қабылдаудың соңғы күні: 23 қараша 2018 жыл (алу күні).

Байқау материалдары мына мекенжай бойынша ұсынылады- Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 34, «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ, (diana392@mail.ru) діни ахуалды талдау, ақпараттық-түсіндіру және әдістемелік жұмыс бөлімі. ДІБ телефоны: 8(7212)565693, Ибраева Диана – +7 708 757 81 57

Қарағанды облысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланымы байқауын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру жөніндегі материалдардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы (одан әрі – БАҚ) үздік жарияланымы байқауы өткізіледі.
Байқау дін саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттауға бағытталған, оған соңғы 3 жылда облыстың мерзімді басылымдарында қазақ және орыс тілдеріндегі материалдарын жариялаған, сонымен қатар жергілікті теле- және радиоарналарда тақырыптық хабарлар дайындап, эфирге шығарған Қарағанды облысының БАҚ-ы, журналистері қатыса алады.
Мақалалар мен хабарлардың мазмұны «Зайырлы мемлекет және діни экстремизмге қарсы күрес», «Руханилықты дамытудың негізінде тұрғындарды деструктивті діни идеологияның ықпалынан қорғау», «Конфессияаралық келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» негізгі 3 бағыт бойынша Қазақстанда қалыптасқан конфессия арасындағы толеранттық қатынастардың дәстүрлеріне сәйкес келуі тиіс.
Байқау жеңімпазы «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты» үздік қамтығаны үшін» номинациясы бойынша анықталады.
Байқау комиссиясы шешімінің қорытындысы бойынша жеңімпазға 250 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық табыс етіледі.
Жеңімпазды марапаттау салтанаты облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығын табыс ету рәсімінде өткізіледі.
Байқау материалдары Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 34, 15 каб. мекенжайы бойынша «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ ұсынылады. Электронды пошта: a.kazken@karaganda-region.gov.kz, altobet.kz сайты. Байланыс телефондары: 87212 56-56-93; 8775 687 38 43; Ақбота Қазкен.
Тапсырыстар мен материалдар 2018 жылғы 15 маусымға дейін қабылданады.
Дін істері басқармасының altobet.kz сайтынан толық ақпарат алуға болады.