Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы  «03» шілдедегі
№ 42/05 қаулысына
1 қосымша
           

«Қарағанды облысының Дін істері басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.«Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қарағанды облысының аумағында дінаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын және діни бірлестіктермен өзара үйлесімді әрекетті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  1. Қарағанды облысының дін істері басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай–ақ осы  Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Қарағанды облысының дін істері басқармасы мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай–ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. Қарағанды облысының дін істері басқармасы азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, басқарманың мемлекет атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
  5. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Қарағанды облысының дін істері басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Қарағанды облысы дін істері басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 100012, Қарағанды облысы, Қарағандықаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Гоголь көшесі, 34.
  8. Мемлекеттік органның толық атауы:

Мемлекеттік тілде: «Қарағандыоблысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

Орыс тілінде:  Государственное учреждение «Управление по делам религий Карагандинской области».

10.Осы  Ереже  «Қарағанды облысының  дін  істері басқармасы» мемлекеттік мекемесініңқұрылтайлық құжаты болып табылады.

  1. Қарағанды облысы дін істері басқармасының қызметін қаржыландыру жергілікті  бюджеттен  жүзеге асырылады.
  2. Қарағанды облысының дін істері басқармасына Қарағанды облысы дін істері басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер заңнамалық актілер арқылы Қарағанды облысының дін істері басқармасына кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,
    функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Басқарманың миссиясы: конфессияаралық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, Қарағанды облысының діни бірлестіктерімен өзара іс-қимыл және діни нанымдар бойынша азаматтардың бостандығына құқығын жүзеге асыру;
  2. Міндеттері:
  • Қарағанды облысының аумағында діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • діни бірлестіктердің, діни білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру саласындағы үдерістерді талдау мен нәтижелерін жинақтап қорыту, жан-жақты және объективті зерделеу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында Басқармасынажүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
  1. Функциялары:

1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

2) уәкiлеттi органдарға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни           қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты                үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған                           үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;

9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;

10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді  жүргізеді;

11) конфессияаралық келісімді және толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша халықтың әр түрлі топтарымен ақпараттық-насихаттау шараларын іске асырады және ұйымдастырады;

12) конфессиялық саясат саласында бұқаралық ақпарат құралдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеті;

13) Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, кейіннен оларды сот органдарына беру;

14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

  • мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрату және алу, Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша құжаттар әзірлеуге мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
  • Басқарма қызметінің саласына жататын сәйкесінше мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға орындалуын бақылау, сонымен қатар, жергілікті атқару органдары өткізетін іс-шараларға қатысу туралы тапсырма беру;
  • діни бірлестіктердің қызметі мен оларды құру және конфессияаралық келісімді, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге ұсыныстар енгізу;
  • Басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • қызметтің бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру;
  • Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» және өзге де отырыстар өткізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

17.Қарағанды облысының дін істері басқармасын басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларының жүзеге асуы үшін жеке жауапкершілігі бар мекеме басшысы жүзеге асырады.

  1. Қарағанды облысының дін істері басқармасының бірінші басшысын Қарағанды облысының әкімі лауазымға тағайындайды және қызметінен босатады.
  2. Қарағанды облысының дін істері Басқармасы мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының уәкілеттіктері:

1) қызметкерлердің уәкілеттіктері және міндеттерін анықтап, белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау және қызметтен босату;

3) қызметкерлерді марапаттау, іссапар мәселелерін шешу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, дайындық (қайта дайындық), біліктілік көтеру, марапат, үстеме ақы мен сыйақы төлеу, сондай – ақ қызметкерлердің тәртіптік жауап беруі, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді тәртіптік жазаға тарту;

4) бұйрықтар шығару, өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар беру;

5)  қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларын бекіту;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік формасына қарамастан барлық басқа ұйымдарда Басқарманың  мүддесін ұсыну;

7) Басқарма жұмысының перспективалық және ағымдық жоспарларын бекіту;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды жүзеге асыру және сол үшін жеке жауапкершілік;

9) Басқарманың құзіретіне қатысты басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.

Басшы болмаған кезеңде Қарағанды облысының дін істері Басқармасы басшысының уәкілеттігін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

  1. Басқарманың мүлкі

 

  1. Қарағанды облысының дін істері Басқармасызаңнамада қарастырылған жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Қарағанды облысының дін істері басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ, өз қызметі нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Қарағанды облысының дін істері Басқармасына бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Қарағанды облысының дін істері Басқармасы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Басқарманың жұмыс тәртібі

 

  1. «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Қарағанды облысының дін істері басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.