«Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындаылары бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Қарағанды қ.                                                                                  16.09.2019 жыл

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттк қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  № 12 бұйрығын орындау мақсатында 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 64 н Қарағанды облысының дін істері басқармасы  басшысының бұйрығымен 2019 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде жұмыс тобы құрылып, «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Мекеме) келесі құрылымдық бөлімшелері қызметтерінде ішкі талдау жүргізілді:

- әкімшілік-құқықтық бөлімі;

- діни бірлестіктер, діни оқу орындары, миссионердермен және құқық қорғау органдармен өзара іс-қимылды жүргізу жұмыстары жөніндегі бөлімі;

- діни ахуалды талдау, ақпараттық-түсіндіру және әдістемелік жұмыс бөлімі;

- Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастары проблемаларын зерттеу және талдау орталығы;

- персоналды басқару қызметі;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019 жылдың 9-16 қыркүйектегі аралығында өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құжаттар мен ақпарат көздері:  Мекеменің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

 

І. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУЫ

 

Мекеме және оған бағынысты ұйым өз қызметін 2013 жылғы 07 шілдедегі   № 42/05 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже, 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 78 «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау» ММ-нің  бұйрығы «Қарағанды облысы дін істері басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 ҚР Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңы, ««Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін стандарттарын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі»  2015 жылғы 23 қарашадағы № 414- V ҚР Кодексі және өзге де нормативтік құқық актілермен жұмыс атқарады.

Мекеменің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде және құқытық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

 

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУЫ

 

1) Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.

«Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастары проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ

2019 жылдың басынан бос лауазымдарға орналасу үшін 8 адам азаматтық қызметке қабылданды.

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша - 16 адам ауысты, басшы – 1 (өз еркімен), басшы орынбасары – 1 (өз еркімен), мониторинг, ақпараттық-түсіндіру және талдау жұмыс бөлімі – 5 (өз еркімен), оңалту жұмыс бөлімі – 3 (өз еркімен), лауазымнан төмендеуі – жоқ, «командалық аусу» - жоқ.

2019 жылдың басынан өтті:

«Эрудит Астана оқыту орталағы» ЖШС – да мемлекеттік сатып алу бойынша – 1 адам біліктілік арттыру курсын өтті.

Талданып отырған кезеңде кадрлардың  ауысу нормаларының асып кетуі фактілері және лауазымын төмендету, сондай-ақ бірігіп жұмысқа қабылданған мамандар анықталған жоқ. Жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Мекеме қызметкерлері жауапкершілікке тартылған жоқ.

«Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ

2019 жылдың басынан бос лауазымдарға орналасу үшін 1 адам әкімшілік мемлекеттік қызметке қабылданды, 1 адам (зейнеткерлікке шығауына байланысты) әкімшілік мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.

ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында біліктілікті арттыру курсында 2 қызметші, қайта даярлау курсында 1 қыметші оқытылды.

2019 жылдың басынан мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Бос лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу кезінде депутаттар мен қоғам бірлестіктер өкілдері және мемлекеттік қызметшілер бақылаушылар ретінде қатысу тәжірибесі қолданылады.

Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде персоналды басқару қызметі материалдары арнайы тексеру жүргізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберіледі, олар өз кезегінде кешенді тексеру іс-шараларын өткізеді.

Қызметшілер және олардың отбасы мүшелері салық органдарына табыстары туралы мәліметтерді және мүліктік сипаттағы міндеттемелер деректері берілмегені жөніндегі фактілер жоқ.

 

2) Мүдделер қақтығысын реттеу

персоналмен жұмыс

Жақын туыстары мен жекжаттарының, ерлі-зайыптылардың бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері жоқ.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ашық өткізу мақсатында мемлекеттік сатып алу жоспарын, шарттар мен өзге де құжаттарын Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік сатып алу порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Уәкілетті орган кез келген мемлекеттік сатып алу кезеңінде камералдық бақылау жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірігу фактілері анықталған жоқ.

 

3) Мемлекеттік сатып алу

2019 жылға мемлекеттен 196 009,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» аясында іс – шара өткізуге 85 669,0 мың теңге; кеңсе мен шаруашылық тауарларды және өзге де қорларды сатып алуға 4796,0 мың теңге; «Қарағанды облысының дін істер басқармасы» ММ-нің мемлекеттік қызметшілердің және оған бағынысты мекеме «Қарағанды облысының кофессияаралық қатынастары проблемаларын зерртеу және талдау орталығы» КММ-нің азаматтық қызметшілердің, техникалық персоналдардың еңбек ақылары және салық пен басқа да бюджеттік төлемдерге 72 478,0 мың теңге; іс-сапарларға 3 834,0 мың теңге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс қызметі, ғимаратқа, жабдықтарға, көлік және компьютерлік, ұйымдастырушылық техникаларына ағымдағы қызмет көрсетуге және күтіп ұстауға 29 232,0 мың теңге бөлінді.

 

4) Мемлекеттік қызметтерді көрсету

«Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін стандарттарын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына сәйкес «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ – мен 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  • "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу";
  • "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру";
  • "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру";
  • "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру";
  • "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"

Қарағанды облысының дін істрері басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ғимаратта орналастырылған.

2019 жылдың басынан  мемлекеттік 95 қызмет көрсетілді, оның ішінде: "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" – 77, "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" – 3, "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" – 12, «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекетті көрсетілетін қызмет стандарты – 3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

Аталмыш мемлекеттік көрсету қызметтер тиімді және сапалы түрде көрсетілді, қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдерінен бұзушылық анықталған жоқ. Қызмет алушылардан мемлекеттік көрсету қызметі бойынша шағым түсуі тіркелмеген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға  тегін көрсетіледі

 

5) Өзге де мәселелер бойына ішкі талдау

Жыл басынан Мекемеге жеке және заңды тұлғалар өкілдерінен 19 өтініш келіп түскен, жеке тұлғалар – 13, заңды тұлғалар – 6, олар бойынша түсініктемелер берілді.

Мекеменің ресми сайтында: "Бос жұмыс орындары", "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет", "Мемлекеттік сатып алу", "Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат", "Нормативтік құқықтық актілер" және басқа да ақпараттар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қасы күрес бағытында профилактикалық іс-шаралар қолдануда. Мекеме ғимаратында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбына жадынама мен плакаттар орнатылған. Бұл жадынама мен плакаттарда сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіретін, жемқорлық көріністері фактілер кездескен кезінде іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ жемқорлыққа жәрдемдесу үшін жауапкершілігі жөнінде айқындалған. «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» атты тақырыбына мекеме сайтында жарияланды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қанағаттанушылық бойынша сауалнама жүргізілді.

Жедел сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалар үшін Мемлекеттік мекемеде «сенім телефоны» жұмыс істейді, «сенім телефоны» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері Мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат бере алады. Жеке және заңды тұлалар өкілдерін қабылдау кестесі және «сенім телефоны» ақпараттық бұрыш, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар туралы ақпаратты орналастыру үшін арналған стенд, үздік қызметкерлер жөнінде ақпаратты орналастыру үшін құрмет тақтасы және де Қазақстан Республикасының мемлекет қызметшілердің әдеп кодексі (мемлекет қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Мекеме ғимаратында орнатылған.

Мемлекеттік стаып алуды орындау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік сатып алу жоспары мемлекеттік сатып алу веб- порталда орналастырылады.

Хаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері үшін және де азаматтардың еркін қол жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында ғимараттың 2-ші қабатында пошталық жәшік орналасқан. Сенім телефонның нөмірі Мекеменің ресми сайтында және ай сайын «Орталық Қазақстан» облыстық баспасөз басылымда жарияланады. Азаматтар мен ұйымдар атынан келіп түскен электрондық хабарлар Интернет-сайтында жүзеге асырылады,.

Жұмыста келесі ақпараттық жүйелер пайданылады: "электрондық құжат айналымының Бірыңғай жүйесі", "жергілікті бюджеттерді орындалуының Қаржылық мониторингі", "персоналды басқару Жүйесі", "1С:Бухгалтерия",  "Мемлекеттік сатып алу", "е-ҚАРЖЫМИНІ", "Клиент-Қазынашылық", "е-Қызмет", "МОИП", "Бақылау". Бұл жүйелер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және мүдделер қақтығысы салдарын азайтады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғауын қамтамасыз ету және заңдылықтың бұзылмауына жол бермеу бойынша жұмысын төмендегі іс-шаралар арқылы жалғастыру қажет деп санаймыз:

 

  1. Бас маман (персоналды басқару қызметі) (Қасымов А. А.) «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастары проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ-нің директорына (Саматаев Р. А.) тұрақты түрде мекеме қызметшілердің еңбек тәртібін сақтауына бақылау жүргізу.

 

  1. Бас маманға (заңгер) (Ерден Е. Е.) жеке және заңды тұлғалардың өтініштердің келіп түсуін және олар бойынша түсініктемелер беру мерзімін қадағалау.

 

  1. 3. Діни бірлестіктер, діни оқу орындары, миссионерлермен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүргізу жұмыстары жөніндегі бөлімінің басшысына (Сектай Ж. А.), бас маман (Шалдыбаева Ж.Д.) мемлекеттік қызметтерді стандарт пен регламентке сай қызмет көрсету және де орындау мерзімінен кешіктірмей мемлекеттік ызмет көрсету.

 

  1. Қаржылық-әкімшілік бөлімінің басшысы (Қыстаубаева Р. С.), бас маман (заңгер), бас маман (персоналды басқару қызметі) (Қасымов А. А.) ақпараттық жүйелерге және Мекеме сайтына күнделікті мониторинг жүргізу.

 

 

Топ басшысы __________________ Р. Кистаубаева

 

Жұмыс тобының мүшелері:  1)_______________ Ж. Сектай

2) _______________Ж. Шалдыбаева

3) _______________А. Касымов

4) _______________Е. Ерден

5)________________Р. Саматаев

Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз!

 

2019 жылғы 12 маусымда жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қызметіне ресми кірісудің салтанатты рәсімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске аса мән беретінін айтты. Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс.Бірінші қыркүйекке дейін жемқорлықтың деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалатынын атап өтті.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.

Қ.К.Тоқаев өз баяндамасында «Мен Елбасы Стратегиясын жүзеге асыру бойынша жұмыс жасайтын боламын» - деп айқындады.

ХХІ ғасырдың болмысындағы ауқымды міндет цифрландыру болып табылады. Ол өмірдің барлық салаларын: мемлекеттік қызмет көрсетуден бастап болашақ экономикасының жаңа салаларын құруға дейін қамтуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлықпен  күрес  бағытында барлық мемлекеттік мекемелерде қарқынды жұмыс жоспары жасалды, бұл індеттің таралмауына тосқауыл болып табылады.

Бұл бағытта Қарағанды облысының дін істері басқармасы да мемлекеттің сарабдал саясатына өз үлесін қосуда. Басқарманың негізгі міндеті – аймақта мемлекеттік-конфессиялық саясат саласындағы міндеттерді жүзеге асыру, конфессияаралық келісімді және тұрақтылықты нығайту.

Қарағанды облысының дін істері басқармасы мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:

  1. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу;
  2. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру;
  3. Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру;
  4. Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру;
  5. Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру.

Жыл басынан бері 76мемлекеттік  қызмет көрсетілді, оның ішінде: "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу" – 60, "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" – 2, "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" – 11, Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттарды) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру – 3.

Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтерді алу кезінде толық және нақты ақпарат ұсыну мақсатында қызмет алушыларға қажетті жағдайлар жасалып, мекеме ғимаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандарты мен регламенттерінің ақпараттық бұрыштары ресімделді. Барлық мемлекеттік қызметтер бойынша өтінішті қабылдау және мемлекетттік қызмет көрсету нәтижесін беруді басқарма кеңсесі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коомерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асыруға болады. Ғимарат сыртында және ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тактильді тақтайшалар және қызметкерлерді шақыру үшін сымды түймесі жоқ батырма орнатылды.Осы мемлекеттік стандарттар мен регламенттер сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің механизмі болып табылады деп айтуға болады.

Кезкелген қызығушылық танытқан тұлға қосымша ақпаратты мекеменің https://udr-krg.kz/ru/glavnaya/ресми сайтынан біле алады. Сайтта басқарма туралы жалпы мәлімет, оның ішінде: мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет көрсету, бос лауазымдар, азаматтарды қабылдау кестесі және т.б. ақпараттар жарияланған. Сонымен қатар, басшының блогі арқылы сұрақтар қоюға мүмкіндік жасалған. Тұрғындардың тек қана сұрақтары ғана емес, дін қызметі саласындағы пікірлері мен ұсыныстары да қабылданады.

Жедел сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалар үшін мемлекеттік мекемеде «сенім телефоны» жұмыс істейді (565693), «сенім телефоны» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат бере алады. Мекеме ғимаратында жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі ресімделген. Мекеме және бөлім басшылары бекітілген кестеге сәйкес азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін қабылдауды жүргізеді.

Жемқорлық фактілері көбінесе мемлекеттік қызмет салаларында тіркелгендіктен, бүгінгі күні мемлекеттік органдардағы процестерді, оның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын сандық жүйеге көшіру жұмыстары жүргізілуде. Әлем елдері бұл індетпен күресу үшін бірінде жаза күшейтіліп, бірінде жалақы көлемін арттырып, мемлекеттік қызметкерлер санын азайтып жатыр. Тіпті, көрші Қытай елі жемқорлыққа қатысы барларды өлім жазасына кесуді қолға алған. Жыл сайын Қазақстанда 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 1 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылады. Қ. К.Тоқаев қылмыстың бұл түрін әлеуметтік ауру деп атады және оған батыл қарсы тұруға шақырды. Президенттің айтуынша, мемлекеттік органдардың басшылары өз қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстары орын алған жағдайда отставкаға кетуі тиіс.

Осылайша, жемқорлықпен күрес бүкіл әлемнің алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр.

XXI ғасырдағы сыбайлас жемқорлықты экономика аясында мемлекеттік құрылымдардың қылмысты құрылымдарымен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы - деп түсіндіреді. Қай кезеңде де бұл індет орын алды, әлі де бола береді. Жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау саласының міндеті емес, барша қоғамның міндеті. Менің ойымша, өз елінің дамуына үлес қосқысы келетін кезкелген адамда бұл індетке қарсы иммунитет, яғни жемқорлыққа төзбеушілік қасиеттері болу керек сияқты.

Алмақтың да, салмағы бар. Жемқорлықтың жемі ас болмай, түбі қорлықта қалатындығын замандастарым білсе деймін. Қорыта айтқанда, жемқорлықтан сақ болайық!